Жолаушылар ұшағының бортында адам өмірін сақтап қалған Астана Медицина университетінің студенті Дінмұхаммед Бектұрған Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қызылода-Астана рейсіне отырған ол жүрегі қысылған жолаушыны көрген. Сол сәтте саспай, жедел жәрдем көрсеткен. Дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында  адам аман қалған.

«Ұшақ бортында, жолаушылардың бірі шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған қиын жағдайда Дінмұхаммед абдырап қалмады. Оның жылдам және сауатты іс-қимылының арқасында адам өмірін сақтап қалды. Бұл іс-қимыл оның жеке мінезінің ғана емес, сонымен бірге оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар дәрігер мамандығының маңызды құндылықтарын: мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелейтін ұстаздарының да қажырлы еңбегінің нәтижесі болып табылады», — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желілердегі жазбасында.

#Фастньюскз #Ұшақ #Құтқарушы #Медицина #министр

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *