Екі жүзге жуық қазазақстандық қажылыққа бару үшін «Жазира Travel» туркомпаниясының қызметіне жүгінген. Дегенмен діттеген мақсаттары орындалмай, қасиетті мекенге бара алмаған. Ал қаржы қайтарылмаған. Осыған наразы жұрт жиналып,  әділдікті талап етуде.

/сурет ашық дереккөзден алынды

«Қажылыққа қаңтардың 19-20 күндері аттануымыз керек еді. Виза жасалмаған, ұшақ билеттері алынбаған. Әр адамнан 450-500 мың теңге алды»,- дейді наразы топ.

Ал турфирма иесі Мейіржан Рыскелдиев ақшаны қайтаратынын, сотталуды мақсат тұтпайтынын жеткізген.

«Құрметті ағайын, сіздерге қайтаратын ақшам жоқ. Ендігі айтар сөзім – жауапқа тартам десеңіздер, қолыммен істегенді мойныммен көтеремін. Егер кеңшілік жасаймын десеңіздер, әлбетте, рақметімді айтам. Қатесіз пенде жоқ. Дейтұрғанмен заң алдында жауап беруге дайынмын. Бір күн бойы ақша іздедім, таба алмадым. Айыбымды көтеруге дайынмын», — дейді туркомпанияның басшысы.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *