Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңадан үш әуежайдың құрылысы басталды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады.

Мамандар жобалардың іске асырылуы өңірлердегі экономиканың дамуына жаңа импульс береді деп отыр. Бұл отандық және шетелдік туристер ағынын арттыруға сеп болмақ. Айта кету керек, Қазақстанда жыл сайын әуе тасымалы 10-15 пайызға артты. Өткен жылы қазақстандық авиакомпаниялар 15 миллионға жуық адамды тасымалдап, әуежайлар 30 миллион жолаушыға, оның ішінде шетелдік авиакомпаниялар мен азаматтарға қызмет көрсетті. Отандық компаниялардың ұшақтар паркі жыл сайын 10-15 ұшаққа толықтырылып, бүгінгі күні әуе кемелерінің саны — 102 ұшаққа жетті.

сурет ашық дереккөзінен алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *