Бауыржан басқарады
Белгілі ақын Бауыржан Бабажанулы Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры қызметіне тағайындалды. Жаңа басшыны Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов таныстырды.
Одақ төрағасы сондай-ақ астаналық жазушылар Мәди Айымбетов, Асқар Алтай және Әділбек Ыбырайымды «Қазақстанның құрметті жазушысы» медалімен марапаттады.
Бүгінгі күні Қазақстан Жазушылар одағының 1030 мүшесі бар. Оның 180-і Астана қаласында тұрады.