«Дикий Арман» лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталды.  

Қылмыс әлемінің серкесіне «Қаңтар» оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және оған қатысты деген айып тағылған еді. Белгілі болғандай ол оқиға кезінде қару, адам ұрлап, 20 астам қазақстандықтың бостандығын шектеген.

/сурет ашық дереккөзден алынды

Сондай-ақ, экс депутат әрі кәсіпкер Қайрат Құдайбергенге де сот үкімі шықты. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Айтайық, Қайрат жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және Жұмагелдиев белсене көмек көрсету  күдігіне ілінген еді.

Сурет: altyn-orda.kz

Бас бостандығынан айырылғандардың қатарында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-басқарма бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов та бар. Ол да «Дикий Арманға» көмектескен көрінеді және Алматыдағы алаңға адамдарды жинауды тапсырған.

/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *