Қазақстан мен Израиль су саласында ынтымақтастық орнатуда
Тараптар Қазақстанда гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады. Бүгінгі таңда израильдік инженерлер 4 су қоймасын қарап, оларды реконструкциялау бойынша ұсыныс берді.
Тараптар Жамбыл облысындағы Ынтымақ су қоймасын жаңғырту және оның көлемін ұлғайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, министр заманауи су үнемдеу технологияларын енгізе отырып, Сарысу ауданының ирригациялық каналдарын жаңғыртуды ұсынды.
Израиль инвесторлары қазақстандық компаниялармен бірлескен жобаны жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, шетелдік делегация Израильде «Қазсушар» мамандары үшін біліктілік арттыру курстарын ұйымдастыруды ұсынды.
«Бұдан әрі талқылау бірлескен жұмыс тобы аясында жалғасады. Екі жақтың сарапшылары жобаның техникалық құрамдас бөлігін қарастырады. Сондай – ақ, жұмыс тобы біздің мамандардың біліктілігін арттыру курстарының бағыты мен тақырыбын анықтайды»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
/сурет ашық дереккөзден алынды
#Фастньюскз #су #министрлік #келісім #облыс #қала #Қазақстан