Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толады. Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында соғыс барлаушысы, үш мәрте «Даңқ» орденінің иегері Әлмұқан Сембинов хақында «Тағдыры тарихқа айналған…» атты кітап жарық көреді. Бұған Астана қаласы Мемлекеттік архиві мұрындық болып отыр. Осыған орай Ә. Сембиновтың ұрпақтары батырдың құжаттарын архив қорына тапсырды. Бүгінгі күні батырға қажетті құжаттар жинақталу үстінде. Айталық, Әлмұқан Сембинов соғысты Эльба өзені сағасындағы Рудерштат қаласында аяқтаған. Алапат соғыстан абыроймен оралған ол Ақмола қаласының комсомол ұйымында, қалалық партия комитетінің нұсқаушысы болып еңбек жолын бастаған. Елге келген соң Ақмола қаласында ашылған құрылыс техникумының алғашқы директоры болды. Кейіннен ердің еңбегі еленіп «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Сөйтіп «Целиноград қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Өкініштісі ол 1972 жылы 48 жасында бақилық болды.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *