Алматыда бейнебақылау жүйесі арқылы 3 мың қылмыс ашылды
Алматыда бейнебақылау жүйесі арқылы 3 мың қылмыс ашылды, – деп хабарлайды fastnews.kz тілшісі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, өткен жылы шаһарда бейнебақылау жүйесінің көмегімен 3 мың қылмыс ашылып, жол қозғалысы ережелерін бұзуды қоса есептегенде 3 728 094 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Алматыда барлығы 176670 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша оның 25278-і көпқабатты үйлерге орнатылды. Қала жолдарында — 10816, білім беру нысандарында — 38 540, денсаулық сақтау нысандарында — 6057, спорт нысандарында — 1940, қоғамдық орындарда — 1746 қоғамдық орындарда, әртүрлі меншік нысанындағы объектілерде — 90 956, метрополитенде және қоғамдық көліктерде — 1337 бейнекамера жұмыс істеп тұр.
сурет Polisia.kz. сайтынан алынды