Арман Жұмагелдиев өз-өзін жарақаттады
Түрмедегі Арман Жұмагелдиев өз-өзін жарақаттады. Бұл жайлы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді. Хабарламада, «Бұл сотталған адам өзіне аздап жарақат келтірді. Медициналық көмек дереу көрсетілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Сотталған адам ерекше бақылауда, онымен мекеме психологтарының алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Осы факті бойынша қызметтік тексеру тағайындалды», — делінген.
Айтайық, 27 қаңтар күні сот «Дикий Арманға» үкім шығарып, 20 жылға бас бостандығынан айырған еді.