Қазақ-өзбек кооперациясы құрылады
Қазақстан мен Өзбекстан ортақ өнеркәсіптік кооперация құрады. Нысан Атамекен және Гүлістан бақылау-өткізу бекеттері маңында бой көтереді. Бұл жайлы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді. Меже орындалса арадағы өндіріс өркен жайып, алыс-беріс артады, барыс-келіс жеңілдейді. Қазір қазақ тарапынан инвестор анықталып, инженерлік желілерді жүргізуге 27 млрд теңге бөлді.
Қазіргі таңда 5 ірі жоба бар. Оның жалпы құны 100 млн доллар. Оның біріншісі ауыл шаруашылығын қайта өңдеу. Оның ішінде жеміс көкенін өнімдерін шығаратыр зауыт. Тамақ өнімдерін шығаратын зауыт. Оған қоса Түркістар облысының әкімдігі қытайдың инвесторымен қазіргі таңда келіссөз жүргізіп жатыр. Олар ірі қоймалкр салатын болады. Өнеркәсіптік кооперация ретінде сондай жобалар болады, — деді министр.
/сурет ЖИ жасалды