Қазақстанда салалық өрт сөндіру қызметі құрылады
Заң жобасы аясында мемлекеттік органдардың өртке қарсы қызметтері мен құралымдары үшін «салалық өртке қарсы қызмет» анықтамасы енгізіледі.
Қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, орман шаруашылығы және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында құрылатын мұндай қызметтер мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты объектілердегі өрттерді сөндіру кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігі өрт қауіпсіздігі саласындағы ведомстволық бақылауды жүзеге асыруға құқылы болады. Ал жергілікті атқарушы органдарға дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елдімекендердегі өрттерді сөндіру үшін жанар-жағармай, азық-түлік, медициналық көмек, күштер мен құралдарды қамтамасыз ету құқығы беріледі.