700 млрд теңге: Көктемгі дала жұмыстарына дайындық қалай?
Бүгін үкімет мүшелері көктемгі дала жұмыстарына дайындық жайын пысықтады. Премьер-министр фермерлерді қажетті көлемде қол жетімді тыңайтқыштармен қамтамасыз етуді тапсырды
«Көктемгі дала жұмыстарында агротехнологияларды қатаң сақтап, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын уақтылы қолдану керек. Әзірге ол жоспардың 59%-ын құрап отыр. Министрдің айтуынша, 2023 жылы аталған көрсеткіш 21%-ды құраса, былтыр 40%-ға жеттік, биыл 59%-ға дейін жеткіземіз. Алдағы жылдары біз 100%-ға жетуіміз керек»,
— деп атап өтті Премьер-министр. Елімізде тыңайтқыш шығаратын 10-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді.
«Егіншілерді қолжетімді тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Өнеркәсіп министрлігінің жұмыстарын үйлестіру қажет»,— деп тапсырды Олжас Бектенов.
Тағы бір маңызды мәселе – ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы бүгінде шамамен 75%-ды құрайды. Жаппай егін егу жұмыстары басталғанға дейін бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу тапсырылды.
Олжас Бектенов шаруаларға тиесілі арзандатылған жанар-жағармайдың мақсатсыз жұмсалуына жол бергендерге қатаң шаралар қабылдауды тапсырды Премьер-министр Олжас Бектенов шаруаларға жанар-жағармайдың бөлінуін бақылау мәселесіне баса назар аударды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазірдің өзінде 400 мың тоннадан астам жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінген.
«Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен өңір әкімдері арзандатылған отынның тиісті көлемін жеткізуді бақылауда ұстасын. Әкімдіктер бір апта мерзімде өңірлік операторлар бойынша толық деректерді берсін. Шаруаларға тиесілі отынның сатылып кетуіне жол беретін компаниялар мен жеке тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылдауды тапсырамын»,
— деп атап өтті Премьер-министр.
Бас-аяғы биылдық көктемгі дала жұмыстарын үйлестіруге ел қазынасынан 700 млрд теңге бөлінеді.
/сурет ашық дереккөзден алынды
#Фастньюс #Фаст #Фастнюс #Көктем #Дала #2025 #Қазақстан