Олжас Қасым жас оқырмандарымен жолықты
Бүгін ұлттық академиялық кітапханада ақын, журналист Олжас Қасым жас оқырмандарымен жолықты. Бұл шараны «Әке мен бала» клубы ұйымдастырды. Кездесу тізгінін қолына алған журналист Ернат Рахметолла ақын жайлы қызықты деректерді айтып, мектеп оқушыларының қызығушылығын арттырды.
Шара барысында мектеп оқушылары Олжас Қасымның өлеңдерін жатқа оқыды.
Олжас Қасым Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика мамандығын тамамдаған. Ол «Дарын» мемлекеттік Жастар одағының, «Серпер» сыйлығының иегері. «Бозбеткей», «Жан райы», «Азат жол» жыр жинақтарының авторы. Олжас Қасым бүгін күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасында шеф-редакторы қызметін атқарады.