Павлодарда көлік айдап келе жатқан тұрғын жүрегі тоқтап, қайтыс болды, -деп хабарлайды fastnews.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, оқиға Астана мен Лермонтов көшелерінің қиылысында болған. Көшеде кетіп бара жатқан куәгерлер көліктердің бірі жол ортасында кілт тоқтағанын байқап, дереу полицияға хабарлаған.

«Ер адам көлік жүргізіп бара жатып кенет есінен танып қалған. Алдын ала болжам бойынша жүрегі ауырды. Жол-көлік оқиғасы болған жоқ, жүргізуші тоқтап үлгерді, ешкім зардап шеккен жоқ», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Ер адам жедел жәрдем бригадасы келгенше қайтыс болды.

/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *