Астанада ер адам жалған билетпен ұшаққа отырмақ болғанда ұсталды. Билеттің жалған екені отырғызу талонын көрсеткенде анықталған. Бұл туралы Астана қаласының Қылмыстық атқару жүйесі департаменті хабарлады. 

Сот күдіктіні қамауға алып, 300 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды. Сот қызметінің мәліметінше, азаматтың әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 1-бөлігі бойынша бағаланған. «Осылайша ол пробация қызметінің бақылауына алынды. Сот шешіміне сәйкес, ол қала аумағында қар тазалау жұмыстарымен айналысады. Егер қоғамдық жұмыстардан жалтарса, жазасы қамауға ауыстырылып, түрмеге жіберілуі мүмкін», – деді пробация қызметінің басшысы Ернар Ілияшев.

/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *