Астана – Ақтау бағыты бойынша ұшқан FlyAryatan әуекомпаниясының ұшағы жолаушының рюкзагының өртенуіне байланысты ұшу портына қайта оралған, деп хабарлайды fastnews.kz тілшісі  Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
«Астана – Ақтау бағыты бойынша FS 7375 рейсін орындау кезінде ұшақтың жоғарғы багаж бөлігінде жолаушының рюкзагы өртенді. Өртті авиакомпанияның борт серіктері тез сөндірді. Бортта 182 жолаушы болған. Ұшақ ұшу пунктіне оралды. Қону штаттық режимде орындалды. Жағдай туралы қосымша ақпарат барлық жағдайлар анықталғаннан кейін беріледі», – делінген хабарламада.

Кейін бұл рейс сағат 17.10-ға ауыстырылды.

“Барлық жолаушылар тегін қайта брондауға немесе ақшаны қайтаруға құқылы”, – деп мәлімдеді компания.

Фото: Pixabay

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *