46. Құдайдың атын жамылғандар көбейген сайын, Құдай үнсіз қалуға мәжбүр.

47.Шындық – тыр жалаңаш жүреді. Оны көрген жұрт «не деген арсыз неме» деп сынап-сөгіп, теріс айналып кетеді.

48.Рухани жетілу — қымбат көлікпен мешітке барып, кедейдің хақысы туралы тебіреніп сөйлеу.

49.Күлкі – ең қауіпті реакция. Байқау керек. Ол шындықты да, өтірікті де бірдей мазақтай алады.

50.Қоғам еркін болса — цензура қажет емес. Ал бізде цензураның өзі еркін.

51.Баршаға ұнайтын адам – айна емес, хамелеон. Түпнұсқасы қандай екен? Оны өзі де білмейтін шығар.

55.Сені асыра мақтаған адамның басқа ортада не айтатынын тыңдауға жүрек керек…

56.Ойланатын адам – үнемі ыңғайсыз. Өйткені күле бермейді. Ал кәсіби ақымақ – әр салада пікір білдіре беретін шебер, күлу өнерін меңгерген!

57.Мәдениетке бөлінген қаржы – шоуға кетеді, ал руханиятқа бөлінген қаржы – шапанға.

Бауыржан Қарағызұлы

#бауыржанқарағызұлы #ойлар

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Айтарым бар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *