Ақмола облысында Қалқұтан өзені арнасынан асты. Салдарынан Астрахан ауданына қарасты 6 ауылдың жолын су шайып кетті. Аталған елді мекендерге тек қайықпен ғана қатынауға болады.

Айтайық, өзеніндегі су деңгейі кеше түнде көтеріліп бастаған. Қазір тасқынға қарсы бөгет нығатылып, 1 мыңға жуық құм қапшық төселді. Сондай-ақ 300 текше метр су сорылды. Бас-аяғы 20 техника мен 70-ке жуық адам жұмылдырылған. Қазір аймақтағы күштік құрылымның басым бөлігі осында жетті.

Сол уақыттан бері ауылдағы 21 адам құтқарылды. Қазір олар қауіпсіз жерге көшірілді.

/сурет ашық дереккөзден алынды, бейнеқор

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *