Таза Қазақстан акциясына 6 млн адам қатысты
«Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық акциясына 6 млн-нан астам адам атсалысты. Олар қоршаған ортаны 1 млн тонна қоқыстан тазартып, 1,5 млн-ға жуық тал екті.
Айтайық, атаулы науқан былтыр сәуірде басталған еді. Сол сәттен бері 183 акция өткізілді. Нәтижесінде аулалар мен аумақтар тазарып, рұқсат етілмеген қоқыс алаңдары айтарлықтай азайды. Мәселен былтыр 5 мыңға жуық қоқыс алаңы анықталып, оның 93 пайызы жойылды. Игі іс биыл да жалғасын тауып, жыл басынан бері 7,5 мың тоннадан аса қоқыс жиналып, 385 мың гектар аумақ тазартылды. Шамамен 74 мың жасыл желек отырғызылды.
Бұл жайлы Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
/сурет ашық дереккөзден алынды