Астанада самокаттарға арналған арнайы тұрақтар пайда болады
Ең көп самокат қойылатын 10 орын белгіленіп, арнайы сызықтар мен жол белгілері орнатылады. Кикшеринг пайдаланушылары сапарын тек осы орындарда аяқтауы тиіс. Бұл тротуарлар мен жол бойында бейберекет қойылған самокаттар санын азайтады.
Жобаны Q88 тұрақты даму қауымдастығы мен барлық кикшеринг компаниялары қолдады. iKomek орталығы шағымдарды жедел қабылдауға дайындалады.