Үш жыл бұрын (2022 жылы) Қызылорда облысындағы Қазалы аудандық маңызы бар «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолының 16 шақырымдағы «Қарлаң» учаскесінен темір бетонды көпір құрылысы басталған болатын. Алайда мердігер мекеме «СтандартОйлКзо» ЖШС-інің жауапсыздығы салдарынан көпір құрылысы тоқтады.

Мердігер мекеме өзіне жүктелген міндеттемелерін толық орындамау салдарынан өткен жылы сот процестері жүргізіліп, келісім шарт біржақты бұзылды. Сондай-ақ көпір құрылысы жұмыстарын аяқтау үшін қайта мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз болып «НұрлыТау ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі анықталған.

Бүгінгі таңда облыс әкімнің қолдауымен көпір құрылысы қайта басталып, жаңа мердігер мекеме тиісті жұмыстарды атқаруда. Осыған орай аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет «Қарлаң» учаскесіне барып, мердігер мекеменің жауапты өкілімен кездесті. Аудан басшысы Сырдария өзенінің арғы бетіндегі тұрғындар үшін көпірдің маңыздылығы жоғары екенін айтып, құрылысшыларға ең бірінші кезекте құрылыстың сапасы мен мерзімінде аяқталуы керектігін жеткізді.

Айта кетейік, «Қарлаң» көпірінің құрылысы тезірек аяқталса Өркендеу, Бірлік, Қожабақы, Аранды, Бозкөл, Тасөткел, Лақалы, Ажар, Тасарық және Кәукей елді мекеніндегі 12 мыңға жуық халықтың алыс-берісі артып, жол қатынасы жақсара түспек.

Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *