Қабылдауда партияның Қызылорда қалалық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Құттықожаев Ибадулла, қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұсаева Гүлшат, облыстық мәслихат депутаты Ниязов Мұхтар, «Қызылжарма» бастауыш партия ұйымының төрайымы Сейдахметова Жұмакүл, “Бітім” медиация орталығының кәсіби медиаторы, заңгер Рашов Қыдырбек, «Отбасы банк» АҚ өңірлік филиалының өкілдері Жантаева Ақбота және Жұбаныш Әлия азаматтардың сауалдарына жауап берді.
Тұрғындар тарапынан:
— жер кезегін білу;
— көлікті сақтандыру құжаттарын тағайындау;
— қоғамдық көлік интервалын реттеу;
— интернет желісін жаңарту;
— тұрғын үй алуға тиімді бағдарламалар бойынша кеңес алу;
— «Алтын алқа» игерлеріне тұрғын үй пәтерін алуға арналған жеңілдіктерді білу;
— тұрғын үй кезегіне тұру;
— көгалдандыру жұмыстарын жандандыру;
— түнгі жарық бағаналарын орнату;
— ауыз су мәселесі;
— тұрғын үй ауласына балаларға арналған ойын алаңын салу;
— балабақша алдына автотұрақ салу;
— көше жөндеу жұмыстарын жүргізу секілді сауалдар жолданды.
Азаматтар тарапынан жолданған сауалдарға партия және жауапты сала өкілдері заң аясында жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, партияның қалалық филиалы азаматтардың сауалдарын, талап-тілектерін білу мақсатында қаламыздың барлық аумағында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізіп келеді. Жыл басынан қаламызда 8 рет көшпелі қабылдау жүргізіліп, 157 тұрғынның өтініші тыңдалып, 145-і оң шешімін тапты.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *