Әлеумет
Белсенді жастар әскери бөлім жұмысымен танысты
«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалы мен «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері ҚР Ұлттық ұланының №5547 әскери бөлімінде болып, экскурсия жасады.
Шара ҰОС 80 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Экскурсия жұмысына партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Гүлшат Мұсаева қатысты.
2009 жылы 15 маусымда ҚР Үкіметінің өкімі бойынша Қызылорда қаласында №5547 әскери бөлімі құрылды. Бөлімнің негізгі қызметі Қызылорда қаласының қоғамдық тәртібін күзету болып табылады.
Экскурсия барысында жастарға әскери бөлімшесінің ішкі жұмыстары, отан алдындағы борышын өтеушілердің бос уақытын өткізу кезеңі, оларға қойылатын талаптар, қызмет ету барысында жасалған жағдай таныстырылды. Сондай-ақ, еліміздегі теңдесі жоқ халықаралық «Ұлттық академия» жұмысына арналған бейнеролик көрсетілді.
Жастар әскери өмірге, қоғамдық тәртіпті күзетуге арналған қызықты сауалдарын қойып, бөлімше тарихымен танысып қайтты.