Қызылордалық 10 мың оқушы сенбілікке қатысты
Қызылорда облысындағы Арал ауданында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті. Шараға аудан мектептерінен 10 мың оқушы қатысты, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен сенбілік жұмыстарына қала бойынша түрлі мекеме қызметкерлерінен бөлек, ауданнан жалпы саны 10 мың оқушы туған жерінің тазалығына атсалысқан. Бұдан бөлек 2 мыңдай ұстаз мен ата-аналар қауымы да сенбілік жұмыстарына белсене қатысты.
Кең ауқымдағы «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев аралап көріп, қаланың шет аймақтары мен маңызды көшелерінде жүргізіп жатқан жұмыстарға куә болды. Сондай-ақ бірқатар құрылыс насандарын да аралады. Бұл бағыттағы жұмыстарды бәсеңдетпеу керек екенін алға тартып, ауданымыздың тазалығы баршаға ортақ екенін жеткізді.
Сенбілік аясында скверлер мен парктер, тарихи-мәдени ескерткіштер, әлеуметтік, өнеркәсіп және бизнес нысандары, орталық көшелер мен қоғамдық орындардағы бордюр жиектерін құмнан тазалау, әкетеу және сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ туған өлке ретсіз өскен өсімдіктерден, күл-қоқыстар мен тұрмыстық қаты қалдықтардан тазаланып, арнайы техниканың көмегімен қала аумағынан шығарылды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі