Қызылордалық полицейлер Жеңістің 80 жылдығына орай велошеру ұйымдастырды.
Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек бастаған қызметкерлер 18 км шақырымдық қашықтықты құрайтын велошеруге қатысты.
Ұйымдастырылған велошеруге департаменттің басшылығы, жеке құрамы және ардагерлер қатысты. Өз кезегінде полиция полковнигі Омаров Оралбек сәттілік тілеп, ұйымдастырылған шараның маңыздылығын атап өтті.
«Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы. Бұл – ел тарихындағы ең қасиетті күн! Ұлы Отан соғысында майдан даласында елі үшін жанын қиған, бейбіт өмір үшін күрескен аталарымыздың ерлігі – мәңгілік мақтанышымыз. Біз олардың жауынгерлік рухын, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін ұмытқан емеспіз, ұмытпаймыз да. Бүгінгі 18 км шақырымдық велошеру – сол ерлікке тағзым, сол ерлікті ұрпаққа үлгі ету. Бұл шара – бейбіт өмірдің, азаттықтың, ынтымақтың символы. Ерлік ешқашан ұмытылмайды! Жеңіс мәңгі жасасын!» деді О.Омаров.
Велосипед тізгіндеген 200 полиция қызметкері «Эдельвейс» саяжайынан бастау алып, Сол жағалауына дейінгі қашықтықты бағындырды. Қатысушылар белгіленген межені жүріп өтіп, 18 км шақырым қашықтықты еңсерді. Одан әрі серігіп алған тәртіп сақшылары жұмыстарына кірісіп кетті.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *