Қызылордада оқушылар арасында ән байқауы өтті
«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының «Өрлеу» бастауыш партия ұйымында «Соғыс және жеңіс дауысы» атты оқушылар арасында қалаішілік ән байқауы өтті.
Қаланың бірқатар білім ордаларынан жиналған қатысушылар, ұстаздар, «Тағзым алаңына» барып, батырлар рухына тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.
Шараға партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұсаева Гүлшат Исақызы қатысты.
— Биыл Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы еліміз бойынша кең көлемде аталып өтуде. Бұл батыр бабалар рухына тағзым жасап, ерен ерліктері үшін оларға алғыс айтатын күн.
Ұлы Отан соғысы жылдарында туған жерімізді қорғау үшін 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық соғыс майданына аттанды, олардың жартысына жуығы оралмады.
Қазіргі таңда әлем қайтадан жаһандық сын-қатерлерге тап болған кезде, біз бейбітшілік, бірлік және гуманизмнің қаншалықты маңызды екенін ерекше түсінеміз. Тарих көрсеткендей, өткен трагедиялар қайталанбауы керек, демек, біз сол оқиғаларды жаңа ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Бұл мерейтой бейбіт аспанның бағасы мен болашаққа деген жауапкершілігімізді еске салады. Біз қаза тапқандарды еске аламыз, жыл сайын аз қалған ардагерлерге алғыс айтамыз. Олардың өшпес мұраларын, ерліктерін келешекке ұлықтау мақсатында «AMANAT» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ауқымды шаралар ұйымдастыруда. Бүгін осы жоба негізінде өздеріңізбен «Соғыс және жеңіс дауысы» атты шараға жиналып отырмыз. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін!, деді.
#AMANAT