«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалы жанындағы
Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
Жиынның күн тәртібінде:
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды субсидиялау көлемінің өсуін ұлғайту және Қызылорда қаласы мен елді мекен көшелерін жөндеу бойынша атқарылатын жұмыстары барысы талқыланды.
Партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасы аясындағы Жол картасында «Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды субсидиялау көлемінің өсуін ұлғайту» тармағы қаралған.
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының Инвеститция және кооперация бөлімі басшысының м.а Ғалымжан Айжарықұлының мәліметінше 2024 жылы облысымызда 3,9 млрд теңге бөлініп, 3,6 млрд теңге игерілді, оның ішінде 240 техникаға 2,7 млрд теңге субсидия төленді, Қызылорда қаласы бойынша 24 техникаға 276,4 млн.теңгеге субсидияланды.
2025 жылы облысымызға 1,8 млрд. теңге бөлініп. Қәзіргі таңда 372,9 млн.теңге игерілді.
Облысымызда көктемгі дала жұмыстарына 4046 бірлік ауылшаруашылық техникалары толық жөндеуден өткізіліп, науқанға қатысуда.
2025 жылға Жол картасына сәйкес облыс бойынша машина-трактор паркін 6,5% жаңарту бекітілген.
Бүгінгі күні шаруашылықтардың өз қаражаты есебінен және ҚазАгроҚаржы Ақ арқылы жеңілдетілген лизинг бойынша құны 572 млн.тг болатын 41 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынған.
Ал күн тәртібіндегі қала мен оған қарасты елді мекен көшелерін жөндеу бойынша баяндама жасаған коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мақсат Жүсіп биылғы жылы қаламыздың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін жоба құны 16 819 668,0 мың теңгені құрайтын
17 жобаға бюджеттің барлық көздерінен 7 555 400,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 3 085 715,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 1 099 970,5 мың теңге және қалалық бюджеттен 3 369 714,5 мың теңге бөлінгенін атап өтті.
Бүгінде қаламызда жол көлік инфрақұрылымын реттеуге бағытталған ірі жобалар жүзеге асуда. Оның ішінде қаладағы көпірлерді салу мен жаңғырту, төрт жолақты жол салу секілді жобалар бар.
Ал қаланың шетаймағына келер болсақ, 11 көшеге күрделі жол жөндеу жұмыстарына 831,4 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталуда.
«Ағымдағы жылы қаламыздың солтүстік бөлігінен кіре-беріс саналатын Сағымбаев көшесін 4 жолақты етіп кеңейтіп жоспарлануда. Ол үшін жоба әзірленіп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Қыран» ЖШС-мен шарт жасалды.
Қаладағы 16 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Қызылорда жолдары» ЖШС-мен шарт жасалды. Аталған жобаға өткен жылы 327,0 млн. теңге бөлініп, 5 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы жобаны толық аяқтау үшін 3,5 млрд. теңге қажет.
Бұдан бөлек, қаладағы ұзындығы 49 шақырым болатын
77 көшеге күрделі жөндеу және ұзындығы 8 шақырым болатын 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстарына жоба әзірленіп, облыстық бюджеттен қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім ұсынылды»,- деді бөлім басшысы М.Жүсіп.
#AMAMAT