Қызылордада Ассамблея өкілдері марапатталды
Қызылордада «1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдерімен кездесу өтті.
Басқосуда «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева Aссамблея өкілдерін құттықтап, партия атынан марапаттап, алғысын жеткізді.
— Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастықтың арқасы. Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа жағдайда біздің бейбітшілік пен келісім жөніндегі саясатымыздың берік әрі институционалды тірегі қызметін абыроймен атқарып келеді. Нәтижелі еңбектің арқасында түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атандық. Ел бірлігінің ұлылығын дәріптейтін, халқымыздың бейбіт тірлігін танытатын осынау маңызды мереке қарсаңында Сіздерге мықты денсаулық, қызметте табыс, шаңырақтарыңызға шаттық, береке-бірлік тілеймін.-деді Гүлшат Исақызы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығында ұйым жұмысына ерекше мән беріп, қоғамдық маңыздылығына тоқталған болатын. Партия тарапы да Ассамблеямен өзара келісім аясында ауқымды шаралар ұйымдастырып келеді.
Жалпы, биылғы жылға Ассамблея тарапынан еліміз бойынша 150 шара ұйымдастыру жоспарланып, 1,5 миллион адамды қамту жоспарланған.
#AMANAT