Антальяда «Астана LRT» экс-басшысы Талғат Ардан ұсталды. Бұл жайлы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылы қыркүйекте Бас прокуратура Түркияның Әділет министрлігіне «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы Талғат Арданды беру туралы сұрау жолдаған.

Осыған байланысты Түркия Республикасының құзыретті органдары іздеу іс-шараларын жүргізген.

«Биыл ҰҚК оның нақты орналасқан жерін анықтады, кейін оны Түркияның құқық қорғау органдары Анталья қаласында ұстады. 9 мамырда Анталья соты Т.Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және қазір ол қамауда отыр», — деп жазылған хабарламада.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *