Кеше Қазақстан Республикасының спортына сіңірген еңбегі үшін «Құрмет белгісінің иегері» Қуаныш Қаражановтың жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы сөз сөйлеп, Қуаныш Қаражановтың спорт саласының дамуына қосқан үлесін атап өтті. Сонымен қатар, ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, спортқа баулу мақсатында салынған спорт кешендерінің пайдалануға берілгендігін айтып, турнирге қатысушы жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Шарада Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қайраткері» Еркін Оразбекұлы ізгі тілектерін білдіріп, білікті жаттықтырушы Қуаныш Қаражанұлының өнегелі өміріндегі үлгі болар жетістіктеріне тоқталды.

Айта кетейік, дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырған бұл жарысқа арнайы Қырғызстан мен Өзбекстан Республикаларынан және еліміздің Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарынан жалпы саны 180-ге жуық жас спортшылар қатысуда.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *