Бхуми Чаухан есімді үндістандық студент Air India компаниясының апатқа ұшыраған ұшағына небәрі 10 минутқа кешігіп, ажалдан аман қалды. Бұл жайлы  fastnews.kz  BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Бизнес басқару мамандығы бойынша білім алып жүрген 28 жастағы Бхуми Чаухан Ұлыбританияның Бристоль қаласында күйеуімен бірге тұрады. Ол жуырда туған жері Үндістанға демалысқа барған.

Белгілі болғандай, ол бейсенбі күні Үндістанның Ахмедабад қаласынан Лондонға бағытталған AI171 рейсімен қайтып ұшуы тиіс болған. Алайда әуежайға бара жатқан жолда көлік кептелісіне тап болып, рейске небәрі 10 минутқа кешігіп қалады.

Бастапқыда бұл жағдайға қатты қапаланған әйел көп ұзамай бұл кешігудің өмірін сақтап қалғанын білген. Себебі аталған рейс әуеге көтерілгеннен кейін апатқа ұшырап, ұшақ бортындағы  241 жолаушы мен экипаж мүшелері қаза тапқан.

«Мен бастапқыда рейске үлгермей қалғаныма қатты ренжідім. Бірақ кейін бұл кешігу менің өмірімді сақтап қалғанын түсіндім. Бұл — өмір бойы ұмытылмас жағдай», — деді Бхуми Чаухан.

Қазіргі таңда апаттың нақты себептері тергеліп жатыр. Air India компаниясы және жергілікті билік оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізуде.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *