Иран «Шынайы уәде-3» операциясын бастады, деп хабарлайды fastnews.kz.

Иран билігі Израиль тарапынан келген агрессиялық әрекеттерге жауап ретінде «Шынайы уәде-3» атты әскери операцияны бастағанын мәлімдеді. Елдің ресми хабарламасында бұл қадам «Иран халқының қорғаныс күші ретінде» қабылданғаны айтылған.

Иран армиясы Израильге қарай шамамен 300-ге жуық баллистикалық зымыран ұшырғанын растады. Зымырандардың кейбірі нысанаға дәл тиген. Израиль Қорғаныс министрлігінің ғимаратына екі рет соққы тигені хабарланды.

Сонымен қатар, Иран қарулы күштері Израильдің екі F-16 ұшағы мен бірнеше ұшқышсыз әуе аппаратын жойғанын мәлімдеді. Tasnim агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, ирандық әскерилер құлаған ұшақтың әйел ұшқышын тұтқындаған.

/сурет ашық дереккөзден алынды

АҚШ пен халықаралық реакция

Axios ақпарат агенттігіне сүйенсек, АҚШ әскери күштері Иранның зымырандық шабуылына тойтарыс беруге әрекет етуде.
Зымыран соққысынан 40-қа жуық адам зардап шегіп, екеуі ауыр жараланған. Әлеуметтік желілерде Тель-Авивтегі ғимаратқа тікелей тиген зымыранның видеосы тарап кетті.

Израиль жауап беруге дайын

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху иран халқына үндеу жасап, билікке қарсы шығуға шақырды:

«Дәл қазір ең жақсы уақыт. Халық әрекет етуі керек», – деді ол.

Израиль Министрлер кабинеті жауап шараларын талқылауға кірісті.

Халықаралық қауымдастықтың ұстанымы

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя Израильдің Иранға жасаған соққыларын айыптады:

«Бұл БҰҰ Жарғысын өрескел бұзу. Израильдің шабуылы аймақты ядролық апатқа итермелеп отыр», – деді ол.

Ал Түрік халықаралық заңгері Сердар Тоқдемир бұл жағдайды үшінші дүниежүзілік соғыстың бастауы деп бағалады:

«Иранға жасалған шабуыл – жай ғана бір мемлекетке қарсы агрессия емес, бүкіл аймақтың болашағына бағытталған соққы», – деді ол.

Иранның ұстанымы

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Амир Саид Иравани Израиль әрекеттерін «соғыс жариялаумен тең» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Израильдің шабуылы салдарынан Иранда 78 адам қаза тауып320-дан астам адам жарақат алған.

«Бұл зұлымдық – мемлекеттік терроризмнің айқын көрінісі және халықаралық құқықты өрескел бұзу», – деді Иравани.

Қазақстан: Әуе кеңістігі жабылды

Қазақстан Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты өз әуе кеңістігін қауіпсіздік мақсатында жауып, отандық әуе компанияларға Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Ливан және Иордания арқылы ұшуға толық тыйым салды.

Азаматтық авиация комитетінің мәлімдемесі:

“Бұл барлық рейстерге қатысты. Аймақтағы жағдайдың күрт нашарлауына байланысты ұшу қауіпсіздігіне қатер төнді. Бұйрық дереу күшіне енеді және орындалуы міндетті”.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *