Кейде танысыңның немесе досыңның жанары жұмылғанда қадесіне қатысасың… Замандастары, құрбы-достары, ағалары СӨЗ алады. Көсіледі. Дұрыс қой, өлген жанның жаны жәннатта болуын тілейді. Алайда, дүниеден өткен адамның (талантты ұл немесе қыз баласының) қадіріне тірісінде жете бермейді.
Неге, неге, неге???
Өлген соң «Ол қасиетті еді, мықты еді. Талантты еді. Жанып тұр еді, қадірлей алмадық» дейді.
Көкем-ау, оның жаны шырқырағанда, оның жағдайы болмағанда, оның өмір сүруге құлшынысы төмендеген кезде, ол жұмыссыз қалған уақытта қолыңнан келген көмегіңді жасап, қамқорласаң, қадірлесең қайда қалдың?
Біреу «қой» дейтін бе еді?
Қызықсыңдар-ей!!!
Менің ұзақ өмір сүргім келеді. Алайда, (Құдай бетін аулақ қылсын!) өлерімді сезе алатындай жағдайда болсам, сөйлеуге тіпті мен жайлы естелік айтуларына құқы жоқ адамдардың тізімін жазып кетемін. Сондықтан тірі кезде сыйласайықшы…

Асантемір Қаршығаұлы, ақын

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Айтарым бар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *