1 наурыз — Алғыс айту күні. Бұл мереке елдегі бірлік пен татулықты нығайтуға, түрлі этнос өкілдерінің өзара ризашылығын білдіруге бағытталған.
Алғыс айту күні 2016 жылдан бері ресми түрде тойланып келеді. 1 наурыз күнінің таңдалуы да символдық мәнге ие. Дәл осы күні 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. Аталған институт елдегі этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді.
Мереке аясында республика бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Білім беру ұйымдарында тәрбие сағаттары өтіп, мәдениет үйлерінде концерттік бағдарламалар мен кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар қайырымдылық акциялары өткізіліп, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетілуде.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Алғыс айту күні – тарихи қиын кезеңдерде қазақ халқының өзге этнос өкілдеріне көрсеткен қолдауын еске алу, сондай-ақ ел ішіндегі ынтымақ пен өзара құрметті дәріптеу мақсатында белгіленген.
Сарапшылардың айтуынша, бұл мереке қоғамдағы татулық пен келісімді сақтаудың маңызын тағы бір мәрте айқындайды. Алғыс айту күні – бейбітшілік пен бірлікті басты құндылық ретінде ұстанатын Қазақстан халқы үшін ерекше күн.
Дегенмен, қазір қоғамда мерекенің негізгі мазмұны өзгеріп, атап өту ғұрыпы өзгерген. Жалпы алғыс айту күні ретінде тойланып келеді. Асылында, өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына қайырымдылығы үшін алғыс айтумен құнды, бұл мереке.
Айталық, қаңтарда Қызылордада өткен құрылтайда Қазақстан халқы Ассамблеясы таратылып, ендігі оның қызметін жаңадан құрылатын Қазақстан Халық кеңесі атқарады.