«Balapan» арнасында ЖИ технологиялары қолданылған «Кел, балалар, оқылық!» жобасы эфирге шығады 1 маусымнан бастап «Balapan» телеарнасынан балаларға арналған «Кел, балалар, оқылық!» танымдық жобасы эфирге шығады.

Жоба ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен, ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай арнайы дайындалды. Бағдарламада ұлт ұстазының білімге шақырған идеясы бүгінгі цифрлық технологиялармен байланыстырылып, балаларға түсінікті тілде ұсынылады.

2026 жылғы 12 мамырда Мемлекет басшысы орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізуге қатысты Жарлыққа қол қойды. Құжат аясында Үкіметке 2026-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірлеу тапсырылды. Осы бағытпен үндес «Кел, балалар, оқылық!» жобасында балалар жасанды интеллекттің не екенін, оның білім, ғылым, экология және басқа да салаларда қалай қолданылатынын біледі. Сонымен қатар бағдарламада цифрлық қауіпсіздік, технологияны дұрыс әрі жауапкершілікпен пайдалану мәселелері қамтылады.

Бұл «Balapan» арнасында ЖИ қолданылған алғашқы жоба емес. Бұған дейін арна «Біле жүр, балақай!» танымдық жобасын және қазақ халық ертегілері негізіндегі 10-нан астам анимациялық туындыны ЖИ көмегімен әзірледі. «Кел, балалар, оқылық!» жобасы осы бағыттағы жұмыстың жалғасы болмақ.

Бағдарламаны 1 маусымнан бастап сағат 12:00-де «Balapan» телеарнасынан көре аласыздар. Қайталауы – 15:30.

Фото: Qazaqstan

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *