Алматы облысында құны 32,5 млрд теңгені құрайтын кешен бой көтереді.

Үкімет «Алатау» арнайы экономикалық аймағында толық өндірістік циклмен жұмыс істейтін заманауи фармацевтикалық зауыт салу жобасын қолдады. Жоба Steppe Pharmaceuticals компаниясының қатысуымен жүзеге асады.

Болашақ кәсіпорында онкологиялық және сирек кездесетін дерттерді емдеуге арналған дәрі-дәрмектер, сондай-ақ иммунобиологиялық препараттар өндірілмек. Жалпы 20-ға жуық дәрілік өнім шығару жоспарланған.

Кешенді пайдалануға беру 2031 жылға межеленіп отыр.

Жоба аясында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізіліп, халықаралық GMP стандарттары енгізіледі. Сонымен қатар биоэквиваленттілік сынақтарын өткізу және отандық мамандарды даярлау көзделген.

Жаңа фармацевтикалық өндіріс шамамен 60 адамды жұмыспен қамтып, елдің дәрілік қауіпсіздігін күшейтуге әрі импортқа тәуелділікті төмендетуге ықпал етеді.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *