Мұхтар Әуезовтің бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған сирек суреті табылды,- деп хабарлайды fastnews.kz ақпараттық сайты . Кадрда заңғар жазушының тоғызқұмалақ ойнап отырған сәті бейнеленген.

Тарихи суретті әлеуметтік желіде Әлихан Баймен жариялады.

«Сүйінші! Кемеңгер Мұхтар Әуездің 1950 жылы тоғызқұмалақ ойнап отырған суреті табылды», — деп жазды ол.

Қазіргі таңда суреттің түпнұсқасына, нақты қай жерде түсірілгеніне және тарихи деректеріне қатысты зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл фото тек әдебиет үшін емес, ұлттық ойын тарихы үшін де құнды жәдігер саналады. Себебі тоғызқұмалақ — қазақтың зияткерлік мұрасының бір бөлігі. Ал ұлы жазушының сол ойынды ойнап отырған сәті оның ұлттық құндылықтарға жақын болмысын тағы бір қырынан таныта түседі.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *