Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға пәтер сыйлады
Қазақтың Қыз Жібегі, кино және театр әртісі Меруерт Өтекешеваға продюсер Баян Алагөзова пәтер сыйлады.
Cоңғы кезде қоғамда қызу талқыланған қамзолды Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға қайтарып беріп, қамзолдың тағдырын өзіне тапсырды. Продюсер актрисаға алтын мен бриллант апталған сырға мен қымбат ішікті иығына жапты.
«Сіздей дара да дана тұлға қазақтың Қыз Жібегі жақын мың жылдықта туылмас. Сіздей жан тек ғана ең жақсы жағдайда тұру керек. Менің сізге қазаққа сіңірген шексіз еңбегіңізге алғысым ретінде Астанадан өзіңіз қалаған пәтерді сыйлағым келеді. Екі айдың ішінде өзіңіз асықпай таңдап қалаған пәтеріңізді сыйға тартамын деді», — Алагөзова.
Еске сала кетейік, Өтекешева бұған дейінгі журналист Мая Бекбаеваға берген сұхбатында басында баспанасы жоқ екенін айтып, өміріндегі ауыр сәттермен бөліске еді.
Коллаж: Орда.кз












