Қызылордадағы Қармақшы ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 2023 жылы 45 жоба 298 млн, 2024 жылы 12 жоба 83 млн теңгеге несиелендірілді. Ал былтыр ауданда бағдарлама шеңберінде 41 жобаға 281 млн теңге несие берілген, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Оның ішінде 2  ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне 46 млн теңге, 39 жоба бойынша жеке кәсіпкерлерге 235 млн теңге қаржы берілді.

Ал биыл жыл басынан бері 135,6 млн теңге болатын 16 жоба қаржыландырылған. Оның ішінде бір кооператив – Ақжар ауылынына «Дөңбай» АӨК егін саласын дамытуға ауыл шаруашылығы техникасын сатып алыпты.

Қазір аудандағы жалпы құны 169 млн теңге болатын 20 жоба порталға орналастырылып, комиссия отырысында қолдау тауып, қаржыландыруды күтіп отыр. Сондай-ақ 153,4 млн теңге болатын 10 жобаның қажетті құжаты жинақталуда.

Айта кетейік, аталған жобалар қатарында ет пен балық өнімдерін өңдеу, жем-шөп, мал азығын дайындау, арнайы жұмыс киімдерін шығару, құрылыс заттары, ара шаруашылығы, асыл тұқымды мал өсіру және тағы басқа кәсіп ашуға ниеттілер бар.

Фото: Қармақшы аудандық АШжЖҚ бөлімі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *