Қызылордадағы Қармақшы ауданында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Ерлер – жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты салтанатты шара өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Мерекелік жиында аудан әкімі Жандос Еркінбек сөз сөйлеп, Отан қорғаушыларды айтулы күнмен құттықтап, өз алғысын білдірді.
«Халқымыздың ерлігін дәріптейтін бұл маңызды мереке — батылдық пен ерліктің жарқын көрінісі, Отанға деген адалдықтың шексіз өлшемі болып саналады. Бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің сарбаздары бұл қызметті жоғары абыроймен жалғастырып келеді.Құрылғанына 34 жыл толған Қарулы Күштеріміз Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегіне айналды. Ерлеріміздің бұл мерекесі елімізге әрдайым қуаныш пен береке әкелсін. Аспанымыз ашық, бейбіт өміріміз баянды болсын»,- деді Жандос Еркінбек.
Сонымен қатар шарада ел мүддесін қорғаудағы ержүрек батырлардың ізін жалғап жүрген бірқатар сала қызметкерлері облыс әкімінің және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, құрметке ие болды.
Мерекелік кеш көркем бағдарламаға ұласып, сахна төрінде патриоттық әндер шырқалып, әсерлі қойылымдар, спектакльдер ұсынылды. Өнерпаздардың өнері көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлап, кештің мазмұнын аша түсті.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 1992 жылы құрылған болса, 1993 жылдан бастап 7 мамыр ресми түрде «Отан қорғаушылар күні» ретінде бекітіліп, мемлекеттік мереке ретінде аталып келеді.
Фото: Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *