Баяғыда бір керемет гүлзар алқабында Алмас есімді жігіт өмір сүріпті. Оның әлемі сан алуан түстерге толы еді: аспаны ашық көк, гүлдері хош иісті, ал күндері әрдайым жылы болатын. Алмас бағын күнсайын баптап, адал еңбектің арқасында достарымен шат-шадыман өмірсүрді. Ол өмірге құштар, еңбекқор жан еді.

Бір күні кешкісін шаршап отырғанда, оның қасына Тұмантай есімді бейтаныс адам келді. Үстінде сұр шапаны бар, қолында жылтыр құты ұстап тұрған ол: «Мынау барлық қиындықты ұмыттырып, тез бақытқа жеткізеді», — деп  сыбырлады. Құтының ішіндегі сиқырлы тозаң Алмасты қызықтырып, ол ойланбастан татып көрді. Сол сәтте әлемі жарқырап, өзін ерекше жеңіл сезінді. Бірақ ол шынайы гүлдердің солып бара жатқанын аңғармады.

Ертеңіне бәрі сұрланып, көңілсіз күйге  түсті. Алмас қайтадан сол жалған қуанышты қалады. Тұмантай оған тағы беруге келісті, бірақ бағасы ауыр еді — жүрегіндегі жылу. Алмас  келісіп, бірте-бірте достарынан алыстай бастады. Әмина оны құтқаруға тырысқанымен, Алмас тыңдамады.

Уақыт өте бағы қурап, өзі де әлсіреді. Сонда ғана ол шынайы бақыт пен жалған қуаныштың айырмасын түсінді. Соңғы күшін жинап, құтыны сындырды да, еңбегіне қайта оралды. Жерге алғашқы жасыл өскін шықты. Алмас нағыз бақыттың адал еңбек пен шынайы сезімде екенін ұқты, ал Тұмантай бір жола ғайып  болды.

Амангелді Айзере

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы 

№51М.Қаратаев атындағы орта мектебі.

 7 сынып оқушысы  

Фото: ЖИ

 

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Қауырсын қалам

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *