Қызылорда облысы, Арал ауданындағы Сексеуіл кентінде қос бірдей білім беру ғимаратының құрылысы басталды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Аталған кентте оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше назар аударылып келеді. Бүгінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қолдауымен 100 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебінің құрылысы жүргізілуде. Нысандар іске қосылған жағдайда жас буынның қосымша білім алуына, өнер мен мәдениетке жақын болуына мүмкіндік артпақ.

Жалпы Сексеуіл кентінде білім беру нысандары кезең-кезеңімен жаңарып, оқушыларға қолайлы жағдай жасалуда. 2021 жылы пайдалануға берілген 300 орындық №283 орта мектеп – соның нақты дәлелі. Заманауи талаптарға сай салынған білім ордасында бүгінде жүздеген оқушы сапалы білім алып, жан-жақты дамуға мүмкіндік иеленіп отыр.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектебі» ұлттық жобасымен салынған 300 орындық №294 мектеп те өңірдегі білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды нысанның бірі. Жаңа мектептің материалдық-техникалық базасы заман талабына толық сай келіп, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға жол ашып отыр.

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *