Қызылордада өңірдің үздік кәсіпкерлері марапатталды
29 қазан – Қазақстан кәсіпкерлері күніне орай бүгін өңірлік бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу және салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың төрағалығымен ұйымдастырылып, оған облыс прокурорының міндетін атқарушы, инвестициялық омбудсмен Нұрболат Дүйсенбаев, Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы Мұрат Сәрсенбаев, мемлекеттік органдар мен мекемелердің, қаржы институттарының басшылары және бизнес өкілдері қатысты.
Кездесу барысында өңір экономикасының дамуына, отандық өндірістің өркендеуіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және кәсіпкерлік бастамалардың жүзеге асуына үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетілді.
Салтанатты рәсімде бірқатар кәсіп иелеріне мен сала мамандары ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің наградаларымен, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының марапаттары табысталды.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға және кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен бірқатар кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікті қолдау саласында еңбек етіп жүрген мамандар марапатталса, оның ішінде Сыздық Пірмұхаммед Айтбайұлы және Раимов Ерлан Қаниұлының ерекше құрмет көрсетіліп, иығына шапан жабылды.
Шара аясында кәсіпкерлік субъектілері арасында заңдылықты сақтау, ашықтық, адал бәсекелестік және әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Адал кәсіпкер» өңірлік науқанының жеңімпаздары да марапатталды.
Атап айтқанда, «Адал кәсіпкер – Үлгілі салық төлеуші» номинациясы бойынша «Turanium» серіктестігі, «Адал кәсіпкер – Жауапты жұмыс беруші» номинациясы бойынша «Ақсауле-Мед» серіктестігі, «Адал кәсіпкер – Қауіпсіз кәсіпорын» номинациясы бойынша «РЕМ. ПАССАЖИР ВАГОН» серіктестігі марапатталды.
Сонымен қатар «Әлеуметтік жауапты бизнес» номинациясы бойынша «Жаңажол» серіктестігі, «Ашық бизнес» номинациясы бойынша «VeneraPrint» серіктестігі, «Үздік шағын бизнес» номинациясы бойынша «Достық» жеке кәсіпкерлігі және «Үздік өндірістік кәсіпорын» номинациясыбойынша Қызылорда механикалық зауытының «КВАНТ» кәсіпорны марапатиелері атанды.
Сыр еліндегі кәсіпкерлік қауымдастықтың еңбегін бағалап, бизнестің дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың жетістіктерін дәріптеуге бағытталған кездесу ерекше атмосферада өтіп, көтеріңкі көңіл-күймен жалғасты.












