Анкарада өткен Түркі елдерінің құрылтайында Тоқаевтың Ресейге бақылаушы мәртебесін ұсынуы әлемжелі мен саяси ортада сұмдық дауыл туғызды.

Украинадағы соғыс өршіп жатқан тұста мұндай ұсыныс жасауды көпшілік абсурд ретінде бағалауда. Қоғамның ашуын түсінуге болады, алайда үлкен саясат ұранмен емес, темірдей салқын прагматизммен жүреді.

Ең алдымен, мұндай деңгейдегі күрделі мәлімдеме Анкарада Ердоғанның келісімінсіз айтылмайды. Тоқаев классикалық дипломатияның өкілі. Ол саммит қожайынымен сахна сыртында ережені келіспей тұрып, мұндай ақпараттық бомбаны жара салмайды.


Ал Ердоған үшін бұл Батыспен де, Кремльмен де саудаласуда қолданылатын үлкен көзір. Түркия Мәскеуді өз ықпал алаңына байлауға және өзінің супердержавалық амбициясын көрсетуге әбден мүдделі.

Астананың әрекетінде 5 қадамдық өте қауіпті, бірақ нақты есеп бар:

Қабаған көршіні дуалдың артына қамап, қашан шабады деп үрейленгенше, оны өз ережең жүретін кабинетке кіргізу. Егер ТМҰ жабық клуб болып қалса, Мәскеу оны «Тұран қаупі», «НАТО-ның Азиядағы филиалы» көріп, іштен ірітуге тырысады. Бақылаушы мәртебесін беру шешім қабылдайтын вето құқығын бермей, уды умен қайтару тактикасы.

Орта дәлізді (Middle Corridor) аман алып қалу. Қытайдан Каспий арқылы Еуропаға өтетін балама жолға Ресейдің тісі қайраулы. Тоқаев Мәскеуді үстелге отырғызып, дәлізді бұғаттау қаупін дипломатиялық қалқанмен бейтараптандыруды көздейді.

• Идеологиялық «айкидо». Ресей Қазақстандағы орыс диаспорасын үнемі қысым құралы етуге құмар. Тоқаев осы векторды кері бұрып, Ресей ішіндегі 15-20 миллион түркі халқын (татар, башқұрт, якут, тыва, құмық, ноғай т.б.) алға шығарды. Мәскеу ұйымға бақылаушы болып кірсе, енді түркішілдікке қарсы ашық күресе алмайды.

Шындығында, Кремль шахматтағы нағыз цугцвангқа тап болды. Бас тартса тату көршіліктен қашқан агрессор болып көрінеді, ал келіссе Түркия мен Қазақстанның алаңында жай ғана тыңдаушы болып, үнсіз отыруға мәжбүр.

Біздіңше, 7500 шақырым шекарасы бар көршімен ашық қақтығысқа бармай, оның қимылын көпжақты дипломатиялық торға матап қою ең ұтымды тактика. ТМҰ ОДКБ емес, мұнда Мәскеу қожайын бола алмайды.

 

Жазба Ertenmedia.kz. телеграм парақшасынан алынды

Колаж: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *