2026 жылдың басында Қазақстан халқының саны ресми түрде 20,5 миллион адамдық межеден асты. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ел халқының саны 20 532 240 адамды болды, деп хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 сәуірде Қазақстан халқының саны 20 547 909 адамға жетті. Жыл басында елде 20 499 822 адам тұрған. Үш ай ішінде халық саны 48 087 адамға артты.Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астанада тіркелді (1,44%). Жыл басында елорда халқы 1 639 176 адам болса, 1 сәуірге қарай 1 662 755 адамға жетті.

Шымкентте бұл көрсеткіш 0,68% болды. Қала тұрғындарының саны 1 294 050-ден 1 302 868 адамға дейін өсті. Өсім қарқыны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр – плюс 0,62%. Жыл басында өңірде ресми түрде 1 596 532 адам тұрған болса, 1 сәуірде 1 606 365 адамға жетті.

Демографиялық өсім негізінен қалалық жерлерде және оңтүстік өңірлерде байқалады.

Халқы ең көп өңірлер (мегаполистер мен облыстар):

  • Алматы қаласы: 2,35 миллионнан астам тұрғын (ең көп халық шоғырланған).
  • Түркістан облысы: 2,14 миллионнан астам адам.
  • Астана қаласы: 1,66 миллионнан астам адам (өсім жоғары).
  • Алматы облысы: 1,6 миллионнан астам адам.
  • Шымкент қаласы: 1,3 миллионнан астам адам.

Халқы аз өңірлер:

  • Ұлытау облысы: 218 мыңнан астам адам.
  • Солтүстік Қазақстан облысы: 513 мыңнан астам адам.
  • Абай облысы: 594 мыңнан астам адам.

Негізгі демографиялық үрдістерге келсек,  қала халқының саны артып, ауыл халқының азайғаны байқалады. Халық санының артуына негізінен табиғи өсім (туу көрсеткішінің жоғары болуы) әсер етуде.Көші-қон жағдайына келсек,  Астана, Алматы қалаларына ішкі көші-қон жоғары. Сонымен қатар, 2025 жылы елімізге 17 мыңға жуық қандас оралған.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *