Спортшы, ережесіз жекпе-жек шебері Сабыржан Махметов көз жұмды
Қазақстандық кикбоксинг шебері, жекпе-жек спортындағы ең беделді бапкерлердің бірі, КСРО құрамасын басқарған жалғыз қазақ Сабыржан Махметов өмірден өтті.
Бұл туралы журналист Қанат Ескендір мәлімдеді.
Сабыржан Ғалымжанұлы Махметов – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жекпе-жек федерациясының негізін қалаушы және жетекшісі ретінде танымал.
«Менің саналы ғұмырымның барлығы кәсіби спорт әлемімен байланысты. Бұл салада екі ғана жол бар: жеңімпаз болу немесе жеңілу. Мұнда өтірікке де, жасандылыққа да орын жоқ. Спортта да, өмірде де талай сыннан өттім», — деген Махметовтың өзі.
Сабыржан Махметов — КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО Әуе күштері әскерінің үш дүркін абсолютті чемпионы, ережесіз жекпе-жектен тоғыз дүркін Әлем чемпионы, Қазақ спорт және туризм академиясының профессоры болды.
Фото: әлеуметтік желіден












