Бүгін 16 ақпанда Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті. Ресей басшысы Қазақстанға мамыр айында келетін болды, деп хабарлайды Orda.kz Кремль баспасөз қызметіне сілтеп. 

Тараптар Ресей мен Қазақстан арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту жөнінде әңгімелесті. Әсіресе, сауда-экономикалық саладағы өзара тиімді бірлескен жобаларға баса назар аударылды.

Владимир Путин мамыр айының соңында Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысатынын айтты.

Фото: Ақорда

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *