Елімізде жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейінде атаулы күнге орай музей қорындағы музыкалық аспаптар коллекциясынан жасақталған «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты көрме ұйымдастырылды. Музей қорында 220-дан астам музыкалық аспаптар бар, соның 60-ы домбыра.

Экспозициядан қазақ халқының рухани қазынасын байытқан көрнекті тұлғаларға тиесілі домбыралар орын алады.

Ақын, әнші-сазгер Жаяу Мұса Байжанұлының өзі қолдан жасаған домбырасы.

Халық әншісі Әміре Қашаубаевтың домбырасы. 1925 жыл.

КСРО халық әртісі, екі мәрте Сталиндік сыйлықтың лауреты Күләш Байсейітованың домбырасы. ХХ ғ.

Мемлекет қайраткері, профессор Мүслім Базарбаевтың домбырасы. ХХ ғасыр.Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованың домбырасы. 1975 жылы.Домбыра. ХІХ ғасырдың соңы. Шебері – Нысанбай Жөлкей.

КСРО еңбек сіңірген әртісі Ғалым Қойшыбаевтың домбырасы. ХХ ғасыр.Әнші Қайрат Байбосыновтың домбырасы. ХХ ғасыр.Мерекелік шара барысында белгілі күйші, Қазақстанның Халық әртісі Секен Тұрысбек өзінің 30 жыл бойы шығармашылық серігіне айналған домбырасын музейге табыстады

Нұрқанат АТАЖАН

Фото: Автордан

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *