Астана күні: қаладағы тұрғын алаптарда мерекелік концерттер өтеді
6 шілде — Астана күніне орай елордадағы алты ауданның тұрғын алаптарында шығармашылық ұжымдар мен танымал әншілердің қатысуымен мерекелік концерттік шаралар өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасай отырып, FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты хабарлайды.
Іс-шара барысында қала әкімдігінің Мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің шығармашылық ұжымдары мен қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Күндізгі концерттер сағат 11:00 және 14:00-де басталады. Олар мына орындарда өтеді:
- Алматы ауданы – «Железнодорожный» тұрғын алабында (11:00), «Жерұйық» саябағында (14:00);
• Байқоңыр ауданы – «Өндіріс», «Казгородок», «Кирпичный» тұрғын алаптарында (14:00);
• Нұра ауданы – «Айғыржал» (11:00) және «Жағалау» (14:00) алаңдарында;
• Сарайшық ауданы – «Промышленный», «Интернациональный», «Отау» тұрғын алаптарында (11:00);
• Сарыарқа ауданы – «Көктал» саябағында, «Қорғалжын» скверінде (11:00), Қалалық алаңда (14:00).
Фото: Оңалхан Өнерхан