Қармақшы ауданы «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» байқауында І орынды иеленді
Қызылорда қаласының астана болып жарияланғанына 100 жыл толуына орай өткен «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты облыстық өнер байқауында Қармақшы ауданының өнер ұжымдары жоғары дайындық пен кәсіби шеберліктері арқасында жүлделі І орынды жеңіп алды.
Байқау барысында Қармақшы ауданының өнерпаздары тарихи тақырыптарды сахнада шебер жеткізіп, туған өлкенің рухын терең ашып көрсетті. Әрбір қойылымның мазмұны мен көркемдік деңгейі жоғары бағаланып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Бұл жетістік Қармақшы ауданының өнер мен мәдениет саласындағы жүйелі жұмысының жемісі. Шығармашылық топтар мен барлық қатысушылардың таланты мен қажыр-қайраты ауданның мәдениет саласын жаңа биіктерге көтерді.